Косово халқы Еуроодақ елдеріне жаппай көшуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Косово халқы Еуроодақ елдеріне жаппай көшуде

20.02.2015
Косово халқы Еуроодақ елдеріне жаппай көшуде

Халық жақсы өмірді аңсап, туған жерлерінен жаппай қашуда.

Косовалықтар алдымен Сербияға такси болмаса автобустар арқылы жетіп алады. Одан әрі Венгрияға кетеді.

Бірақ бұл заңсыз, сол себепті ашынған ел орман тоғайды кезіп, белуардан батпақ кешіп шекарадан өтеді. Косоводан күніне осылай 700-ге жуық адам босып кетуде.

2015 жылдың өзінде 23 мыңнан астам мигрант Еуроодақ елдеріне өткен.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу