Бүгін «Қазақстан барысына» қатысатын палуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді

30.06.2017
Бүгін «Қазақстан барысына» қатысатын палуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді

Бүгін 19:00-де жаңадан ашылған ЭКСПО жанындағы «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» VII Республикалық турниріне қатысатын палуандардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шарада биылғы жарысқа қатысатын 34 палуан көпшіліктің алдында таразыға тұрып, спортшылардың салмағы тіркелетін болады. Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Барысы» финалына еліміздің 14 облысы, Алматы мен Астана қалалары және әскерилер арасында іріктеуден үздік шыққандар қатысады.

Турнирдің финалы 2 шілде күні сағат 13:00-де Астана қаласындағы «Барыс Арена» мұз сарайында өткізіледі. Сайысты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің ресми ақпарат таратушысы.

Хабарламаларға жазылу