Болашақта «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу кезеңі рейтинг арқылы өткізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақта «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу кезеңі рейтинг арқылы өткізілуі мүмкін

29.06.2017

Себебі, қазақ күресінің даму көрсеткіші әр аймақта әр түрлі. Сол үшін жақсы нәтиже көрсетіп жатқан облыстың палуандар санын көбейту мәселесі алдағы жылдары шешімін таппақ. Турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған палуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға күміс және қола белбеу беріледі.

Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал, үшінші орын иеленген палуанға 1 миллион 800 мың, бапкеріне 900 мың теңге. Екінші орынға 5 миллион 500 мың, бапкеріне 1 миллион 800 мың. Бірінші орын иеленген палуанға 25 миллион, бапкеріне 3 миллион 500 мың теңге табысталады. Алыптар айқасын «Kazsport» және «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 2-шілдеде тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан Барысы» турнирінің басты ақпарат таратушысы.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу