«Қазақстан барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді

23.06.2017

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен VII республикалық «Қазақстан барысы» турнирін «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.  Финалдық кездесулер 2-шілде күні елордадағы «Барыс Арена» спорт сарайында өтеді.

Соңғы кезеңге 34 спортшы шығады.  Айта кетер жайт, елордадағы іріктеу турнирінде екінші орын иеленіп, республикалық турнирдің финалына жолдама алған Мұрат Кеңтонов жарақат алуына байланысты, жарысқа қатысудан бас тартты. Оның орнына боз кілемге іріктеу сынында үшінші нәтиже көрсеткен Айбат Сейтен шығады.

Жарыстың жүлде қоры – 50 миллион теңге көлемінде. Сондай-ақ, турнирде жылсайынғы дәстүр бойынша көрермендер мен жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

«Қазақстан» және «Kazsport» арналарындағы көрсетілімнің басталуы: 13:00-де.

 

Хабарламаларға жазылу