«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Темірлан Көлбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Темірлан Көлбай

19.06.2017
«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Темірлан Көлбай

Аймағы: Батыс Қазақстан облысы
Лақап аты: Тана сұлтаны
Туған күні: 19.06.1995 
Бойы: 175 см 
Салмағы: 102 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер
Спорттық жетістіктері: Батыс Қазақстан облысының чемпионы 
«Қазақстан барысы» турниріне қатысуы: Тұңғыш рет 
Бапкері: Қасым Қаженов

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу