«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Ержан Шынкеев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Ержан Шынкеев

19.06.2017
«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Ержан Шынкеев

БАЛУАНДАРМЕН ТАНЫСТЫРУ: ЕРЖАН ШЫНКЕЕВ
Аймағы: Қарағанды облысы 
Лақап аты: Көк бөрі керней 
Туған күні: 04.03.1985 
Бойы: 183 см 
Салмағы: 125 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен ҚР спорт шебері 
Спорттық жетістіктері: ҚР Чемпионы (2013), ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері (2017), «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері (2013) 
"Қазақстан Барысы" турниріне қатысуы: 2012, 2013, 2015 ж. 
Бапкері: Диханбай Биткөзов

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу