Басты Жаңалықтар Ертең қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Америкадағы бірінші жекпе-жегін өткізеді

Ертең қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Америкадағы бірінші жекпе-жегін өткізеді

Отандасымыз, қазақтың дарынды боксшыларының бірі, 2013 жылғы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы біздің уақытпен ертең таңертең АҚШ-дағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Окланд деген қалада өтетін бокс кешінде Жәнібектің қарсыласы колумбиялық Карлос Галван болады. 27 жастағы Карлос Галван бұған дейін 24 жекпе-жек өткізген. 16 рет жеңіп, 7 рет жеңілген және 1 ойында тең түскен екен. Назар аударатын бір жайт, 16 жеңісінің 15-ін нокаутпен жеңген. Соған қарағанда күрзі жұдырық иесінің бірі болса керек. Кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жекті қалай өткізгені боксшының әрі қарайғы мансабына тікелей әсер етіп жатады. Осы орайда кәсіпқой боксшы ретінде Жәнібек үшін аса маңызды шара алдында бауырымызға барша қазақстандықтардың тілектес боп отырғанын жеткізу тікелей эфирде шақырған едік.

 

Данияр Меңілбеков

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу