Экономика өсiмi 1,5 пайыз деңгейiнде болмақ - Мақсат Мұқанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономика өсiмi 1,5 пайыз деңгейiнде болмақ - Мақсат Мұқанов

19.02.2015
Экономика өсiмi 1,5 пайыз деңгейiнде болмақ - Мақсат Мұқанов

Биыл ел экономикасының өсiмi 1,5 пайыз деңгейiнде болады.

Бұл туралы бүгін Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов мәлімдеді.

Одан бөлек, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында түрлi секторларда  әлеуметтiк және өнеркәсiп инфрақұрылымы, көлiк кешенi мен коммуналдық салада бiрқатар жоба жүзеге асырылмақ.

Экономистің айтуынша, «Нұрлы жол» өзге бағдарламаларды бiрiктiредi.

Зерттеулерге сәйкес, көлiк саласына тартылған инвестициялардың экономикалық тиiмдiлiгi жоғары. 1 миллиард доллар инвестиция көлiк секторында 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi. 

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу