Көптен күткен кездесу! Ұлттық арнамен бірге Қанат Исламға жанкүйер болыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көптен күткен кездесу! Ұлттық арнамен бірге Қанат Исламға жанкүйер болыңыз!

17.02.2017
Көптен күткен кездесу! Ұлттық арнамен бірге Қанат Исламға жанкүйер болыңыз!

WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО)  мен бразилиялық  Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) жекпе-жекке шығады.

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өтеді деп күтілуде. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі болмақ.

Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен  аяқтаған. Ал, Робсон кәсіпқой рингте 19 кездесуінің 16-ын  жеңіп, 9 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, үшеуінде жеңіліске  ұшыраған.

Қанат пен Робсонның жекпе-жегін ертең 18 ақпан күні сағат 07:55-те «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу