Боб Шеридан Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боб Шеридан Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады

03.01.2017
Боб Шеридан Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады

Атақты америкалық комментатор және Даңқ залының өкілі Боб Шеридан қазақстандық Геннадий Головкинді 2016 жылдың үздік боксшысы деп атады.

«Мен Головкинды таңдаймын. Дегенмен, Андре Уорд пен Теренс Кроуфордты үздік деуге болатын дәлелдер де бар. Сонымен қатар, 46 жекпе-жекте ұтылмаған Роман Гонсалесті де бұл тізімге қосуға болады. Ол мықты боксшы және жылдың үздік боксшысы жайлы айтқан кезімізде ол туралы айтпай кетпеуге болмайды», - деді ол Ontheropesboxing.com. сайтына берген сұхбатында. 

Естеріңізге сала кетсек, отандасымыз сәуірде америкалық Доминик Уэйдті нокаутқа жіберсе, қыркүйекте Келл Брукті тізе бүктірткен еді. 

Хабарламаларға жазылу