Головкин ESPN-нің «P4P» рейтингінде 2-орнын сақтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин ESPN-нің «P4P» рейтингінде 2-орнын сақтап қалды

02.12.2016
Головкин ESPN-нің «P4P» рейтингінде 2-орнын сақтап қалды

ESPN телеарнасының сайты салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Былтыр бірінші орында тұрған Роман Гонсалес өз орнын сақтап қалды. Екінші болған Геннадий Головкиннің де көрсеткіші өзгеріссіз қалды. Ал үшінші орында тұрған Сергей Ковалевты Андре Уорд алмастырды.

ESPN үздік ондығының толық тізімі:

1. Роман Гонсалес

2. Геннадий Головкин

3. Андре Уорд

4. Сергей Ковалев  

5. Василий Ломаченко

6. Теренс Кроуфорд

7. Мэнни Пакьяо

8. Сауль Альварес

9. Гильермо Ригондо

10. Кит Турман.

Хабарламаларға жазылу