Рио-2016: Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рио-2016: Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келеді

19.08.2016
Рио-2016: Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келеді

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Қазақстанның бокс құрамасы жалпы есепте бірінші орында келе жатыр.

Қазақ боксшылары Рио Олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс медальмен Куба мен Өзбекстанды артқа тастап, жалпы есепте көш бастауда.

Екінші орында келе жатқан өзбек боксшыларында 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль бар. Ал дүниежүзінің бокс державаларының бірі саналатын Куба құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп отыр. Көрші Ресей елі 1 алтын, 2 қоламен төртінші орынды місе тұтты.

Айта кетейік, біздің құрамада Данияр Елеусінов 69 келіде алтын алса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов пен 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит күміс еншіледі.

Тағы екі боксшымыз жартылай финалға өтті, олар аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен 75 келіге дейінгі салмақтағы Дариға Шәкімова
 

Хабарламаларға жазылу