Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты

02.06.2016
Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты

GGG белгісімен өнімді енді ресми интернет-дүкеннен сатып алуға болады, деп хабарлады Vesti.kz. Бұл туралы қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин өз  твиттерінде жазды.

«Осы жерден тауар сатып алыңыздар,  GGG командасының тобымен бірге болыңыз», - делінген хабарламада.

Интернет дүкен Shopggg.com.  мекенжайында орналасқан. Әзірге   ұсынылған тауарлар ассортименті аса көп емес. Сонымен,   GGG логотипімен бейсболка   33 доллар,  футболка 30 доллар тұрады.

Хабарламаларға жазылу