«Kazsport» телеарнасы «Барыс» - «Спартак» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Барыс» - «Спартак» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

04.01.2017
«Kazsport» телеарнасы «Барыс» - «Спартак» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін елордалық «Барыс» 2017 жылдағы алғашқы матчты  Астана қаласында мәскеулік «Спартак» ХК-на қарсы өткізеді. Бұл кездесуді  «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 19:20-да.

Қазақстандық хоккей клубы чемпионатта 44 кездесу өткізіп, 65 ұпайымен 14-орында болса, Шығыс конференциясында 6-сатыға тұрақтаған. Ал, мәскеулік клуб Жаңа жылды чемпионатта 19-орында қарсы алды.

Соңғы рет қарсыластар 25 қыркүйек күні Мәскеуде кездесіп, тартысты ойында 5:4 есебімен ресейлік команда жеңіске жеткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу