«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Барыс» - «Авангард» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Барыс» - «Авангард» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

28.12.2016
«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Барыс» - «Авангард» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 28 желтоқсан күні Астана қаласында жергілікті «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында омбылық «Авангард» ХК-мен кездеседі. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 19:20-да.

Қазақстандық хоккей клубы плей-офф кезеңіне өтуге барын салуда. Дәл қазір «Шығыс» конференциясында 62 ұпайымен 7-ші орында келе жатыр. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы ойында конференцияның көшбасшысы магнитогорсктік  «Металлургті» тартысты ойында 5:3 есебімен басым түсіп, енді екінші орында жайғасқан азулы қарсылас - «Авангард» ХК-ына қарсы ойындада өз бағын сынап көрмек.

Командалар арасында өткен соңғы ойында омбылық клуб өз мұз айдынында 3:1 есебімен астаналық клубты жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу