«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Адмирал» - «Барыс»  кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Адмирал» - «Барыс»  кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

21.12.2016
«Kazsport» телеарнасы бүгінгі «Адмирал» - «Барыс»  кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Владивосток (Ресей) қаласында астаналық «Барыс»  сырт алаңда жергілікті «Адмирал» ХК-на қарсы кездесу өткізеді. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.Трансляцияның басталуы 15:20-да.

Қазақстандық хоккей клубы чемпионатта 40 ойын өткізіп, 56 ұпайымен 17-орында. Ал, ресейліктер лигада 42 кездесу өткізіп,  «Барыстан» бір саты жоғары орналасқан.

Қарсыластар соңғы рет 25 қараша күні Астанада кездескен, ойын 1:4 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.

Осы аптада «Барыс» тағы да екі ойын өткізеді:

23 желтоқсан, 19:20 «Барыс» - «Трактор»

25 желтоқсан, 16:50 «Барыс» - «Металлург»

Естеріңізге сала кетейік, матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу