Футболдан Әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

14.06.2018

Мәскеу қаласында футболдан Әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Аты аңызға айналған «Лужники» стадионында мыңдаған жанкүйерлер алдында ел президенті Владимир Путин сөз сөйледі. Ресей басшысы әлемнің ең басты турнирінің басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, ашылу салтанатында ФИФА президенті Джанни Инфантино да футбол жанкүйерлеріне тілегін жеткізді.  

Әлем біріншілігінің ресми әнін америкалық актер, хип-хор орындаушысы Уилл Смит, Ники Джем, албаниялық әнші Эра Истрефи және музыкант Дипло орындады. Салтанатты шара барысында британиялық әнші Робби Уильямс пен ресейлік опера орындаушысы Аида Гарифулина ән шырқады. 

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты Ресейде тұңғыш рет өтіп жатыр. Бүгін XXI Әлем чемпионатының алғашқы матчы Ресей-Сауд Арабиясы арасында өтуде. Ойынды «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден ұсынуда.

Ойындар кестесін жүктеу      

Соңғы жаңалықтар

LIVE LIVE LIVE

«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы

AppStore

Play Market

Хабарламаларға жазылу