Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жеткен жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жеткен жоқ

09.10.2017

Он кездесуден тұратын топтық бәсекеде бас командамыз жеті рет жеңіліп, үш рет тең ойнады. Астанадағы соңғы матчта Армения құрамасын қабылдаған отандастарымыз бұл жолы да мардымды ойын көрсете алмады. Бірінші таймның ортасында қақпашымен бірге бір шыққан Генрих Мхитарян қонақтарды алға шығарды. Дегенмен, 63-минутта әуелеп көтерілген допқа бірінші жеткен Бауыржан Тұрысбек таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 1:1. Жалпы, біздің топта алғашқы орын иеленген Польша құрамасы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Ал, Александр Бородюк баптайтын біздің құрама соңғы орында. Ресейлік маманның бас командадағы алдағы тағдыры бір аптадан кейін шешілмек.

Бауыржан Тұрысбек, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

- Бар күшімізді салып, бар ойымызды салып, жеңіске жеткіміз келді. Бірақ, ол болмады. Жанкүйерлерімізді қуантқымыз келген. Өзім жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу