Чемпиондар лигасы. Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Наполи»-«Реал Мадрид» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар лигасы. Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Наполи»-«Реал Мадрид» матчын тікелей эфирде көрсетеді

07.03.2017
Чемпиондар лигасы. Бүгін «Kazsport» телеарнасы «Наполи»-«Реал Мадрид» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Kazsport» телеарнасы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Наполи» мен «Реал Мадрид» арасындағы қарымта кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.

Зинедин Зидан бастаған азулы мадридтік «Реал» Неаполь қаласындағы Сан-Паоло стадионында жергілікті «Наполи» клубына қарсы қарымта кездесу өткізеді.

Еуропалық футбол алыптарының арасындағы келесі кезеңге өту жолдамасы сарапқа салынатын ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 01:30-да.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен ойында корольдік клуб 3:1 есебімен басым түсіп, қарымта ойында өнер көрстуде біраз артықшылыққа ие болды. Бірақ, екі гол айырмашылығына қарамастан, сырт алаңда соғылған гол неапольдықтарға келесі кезеңге өтуге үміт сыйлауда.

Соңғы бес матчын мадридтік «Реал» ел біріншілігі аясында өткізді. Тек «Валенсияға» қарсы өткен сырт алаңдағы кездесуде ғана есе жіберіп, қалған үш ойында жеңіске жетіп, біреуінде «Лас- Пальмаспен» ұпай бөлісті.

Ал, италиялық команда бұл уақыт аралығында төрт кездесу өткізіп үлгерді. «Наполи» «Кьево» мен «Романы» жеңіп, «Ювентус» пен «Аталантаға» есе жіберді.

УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне кім өтеді?

Ойынды бірге тамашалайық!

Хабарламаларға жазылу