«Kazsport» телеарнасынан «Эйбар» - «Барселона» кездесуін көр де, Универсиадаға билет ұтып ал! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасынан «Эйбар» - «Барселона» кездесуін көр де, Универсиадаға билет ұтып ал!

22.01.2017
«Kazsport» телеарнасынан «Эйбар» - «Барселона» кездесуін көр де, Универсиадаға билет ұтып ал!

Футболдан Испания біріншілігінің 19-шы туры аясында каталониялық «Барселона» сырт алаңда  «Эйбар» клубымен кездеседі.  Бұл матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляцияның басталуы 01:40-та (қаңтардың 22-сінен 23-іне ауған түні).

Матчты kazsport.kaztrk.kz сайтынан онлайн режимінде көре аласыздар. Егер кездесуді өткізіп алсаңыздар матчтың видеошолуын дәл осы сайттан тамашалауға болады.

«Эйбар» - «Барселона» матчы алдында  kaztrk.kz сайты Алматыда өтетін 2017 жылғы Универсиада билетін ойнатады. Екі сұраққа дұрыс жауап беру қажет. Сұрақтарға ең бірінші болып дұрыс жауап берген көрермен билетке ие болады.

Матч басталуына бірнеше сағат қалғанда сұрақтардың сілтемесі kazsport.kaztrk.kz және kaztrk.kz  сайттарында және біздің vkontaktefacebooktwitterinstagram  әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызда  жария етіледі.

Сіздердің жауаптарыңызды берілген сілтемеде орналасқан форманы толтыру арқылы қабылдаймыз!

Әлеуметтік желілердегі комментарий ретіндегі жауаптар есепке алынбайды!

Жауаптарды қабылдау Астана уақытымен 01:45-те аяқталады.

Сәттілік!

Хабарламаларға жазылу