«Тоттенхэм» «Челсидің» АПЛ-да 13 матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тоттенхэм» «Челсидің» АПЛ-да 13 матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты

05.01.2017
«Тоттенхэм» «Челсидің» АПЛ-да 13 матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты

«Тоттенхэм» өз алаңында футболдан Англия чемпионатының 20-туры аясында өткен матчта «Челсиді» 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, «Челси» «Арсеналдың» ел біріншілігіндегі рекорды - 14 матчтық жеңісті сериясын қайталай алмай, тек қатарынан 13 ойында ғана қарсыластан басым түсті.

Жеңіске жеткендер қатарынан екі голды жас жартылай қорғаушы Деле Алли салған болатын (45-ші және 54 минуттарда).

Жеңіліске қарамастан, турнирлік кестеде 20 турдан кейін «Челси» 49 ұпайымен көш бастап келеді. Ал, «Тоттенхэм» 42 ұпай жинап, 3-орынға көтерілді.

Хабарламаларға жазылу