«Kazsport» телеарнасы «Осасуна» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Осасуна» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

09.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «Осасуна» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

10 желтоқсан күні Ла Лиганың 15 тур аясында каталониялық «Барселона» сырт алаңда памплоналық «Осасуна» клубымен кездеседі. Матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

«Осасуна» жоғарғы лигаға осы маусымда келіп, Примерадағы бәсекелестікке шыдай алмай турнирлік кестенің соңында 7 ұпайға ғана ие болып отыр. Өткен 14 турдың тек бір кездесуде жеңіске жетіп, 4 рет тең түссе, 9 матчта жеңіліс тапқан. Бұл команданың келесі маусымда Сегундада (футболдан Испания чемпионатының екінші лигасы) өнер көрсетеді деп күтілуде.

УЕФА Чемпиондар лигасында каталониялықтар өз тобынан бірінші орынмен шықса, Испания біріншілігінде жағдайлары оңтайлы емес. Өткен турда «Барселона» «Эль-Класикода» мадридтік «Реалмен» тең түсті. Негізгі қарсыласынан 6 ұпайға қалып, чемпионатта екінші орында келе жатыр. Луис Энрике негізгі құрам жігіттеріне демалыс бермей, осы турдағы кездесуде ең мықты ойыншыларын шығаруы ықтимал. Бұл матчта каталониялықтар «Реалдан» одан әрі қалып қалмау үшін жеңіске жетуі тиіс.

Екі ұжым арасындағы кездесу «Барселонаның» «Камп Ноу» стадионында өтіп, каталониялықтардың 7:0 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Осасуна» - «Барселона» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 17:50-де. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу