«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов: «Янг Бойзға» қарсы кездесуде ойыншыларымның кәсібилігі мен жеңіске деген құлшынысына сенім артамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов: «Янг Бойзға» қарсы кездесуде ойыншыларымның кәсібилігі мен жеңіске деген құлшынысына сенім артамын

08.12.2016
«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов: «Янг Бойзға» қарсы кездесуде ойыншыларымның кәсібилігі мен жеңіске деген құлшынысына сенім артамын

Бүгін Швейцарияда Европа Лигасы топтық кезеңі аясында өтетін «Янг Бойз» - «Астана» арасындағы кездесу алдында «Астана» команданың бас бапкері Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.   

«Қазақстан чемпионатының аяқталып қойғанына қарамастан, осы ойынға барынша жоғары дәрежеде дайындық жұмыстарын жүргіздік. Біз осы маусымда Қазақстан чемпионатын және Кубогын жеңіп алдық. Енді ертеңгі «Янг Бойзға» қарсы кездесуде жеңіске жетіп, маусымды сәтті аяқтасақ дейміз. Топтан шығу мүмкіндігі жоқ екеніне қарамастан, ертеңгі кездесуде жігіттердің кәсібилігі мен жеңіске деген құлшынысына сенім артамын» -деді елордалық клубтың бас бапкері. 

- БАҚ беттерінде «Янг Бойз» командасының 6 ойыншы жарақат алған деген ақпарат бар. Бұл сіздерге қаншалықты қол болады?

- «Янг Бойз» командасының қосалқы құрамында жарақат алған ойыншылардың алаңдағы орнын жоқтатпайтын ойыншылар жетерлік. Бізге қарсылас команданың ыңғайына жығылу қажет емес. Алаңда өз ойынымызды көрсетуміз керек .

- «Астана» сапында жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Швейцарияға команда капитаны Таңат Нөсербаев көзіне кішігірім ота жасау қажеттілігі туындағандықтан келе алмады. Одан бөлек, Агим Ибраими алған жарақатынан аяққа жаңа тұрып келе жатыр.

- «Янг Бойз» командасының бас бапкері командасының барынша шабуылда ойнайтынын айтқан болатын. Ертеңгі ойынға сіздің жоспарыңыз қандай?

- Біз де барлық командалар сияқты жеңіске жетуді бірінші кезекке қоямыз. Бұл ойын топтан шығуға мүмкіндік бермесе де, УЕФА рейтингіндегі ұпайымызды түгендеуге керемет мүмкіндік. Алдағы маусымдағы жеребе тарту рәсімі үшін, ертеңгі ойынның маңызы жоғары.

fca.kz

Хабарламаларға жазылу