«Барселона» - «Реал». Серхио Рамос тағы да өз командасын жеңілістен құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барселона» - «Реал». Серхио Рамос тағы да өз командасын жеңілістен құтқарды

05.12.2016
«Барселона» - «Реал». Серхио Рамос  тағы да өз командасын жеңілістен құтқарды

Бүгін футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында «Камп Ноу» стадионында  каталониялық «Барселона» мадридтік «Реалды»  қабылдады. «Эль-Класико» 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бірінші таймда екі ұжымда гол сала алмады. Бірақ, қауіпті сәттер жетерлік болды.

Екінші таймда алаң иелері өте жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп,  мадридтік «Реалды»  қыспаққа алды. Сондай бір сәтте Неймардың айып добын көтергеннен кейін Луис Суарес  қорғаныстағы мадридтік клуб ойыншыларынан айласын асырып, қақпаға басымен допты бағыттайды (53’)– 1:0.

68-ші минутта Мессидің пасынан кейін  Неймар кездесудегі өзінің ең бір оңтайлы сәтін голға айналдыра алмады.

Ойынның соңына қарай мадридтіктерде есепті теңестіруге бірнеше оңтайлы сәттер туындап, Криштиану Роналду басымен гол салуға сәл қалған еді. Талпынысын мұнымен шектемеген әйгілі Зидан шәкірттері матч аяқталуына санаулы минуттар қалғанда есепті теңестіріп кетті. «Реалды» әдеттегідей жеңілістен оның капитаны Серхио Рамос құтқарды (90’)– 1:1.

Естеріңізге сала кетейік, «Барселона» - «Реал»  кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

«Барселона» - «Реал» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу