Ертең - «Эль-Класико». Каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең - «Эль-Класико». Каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар!

02.12.2016
Ертең - «Эль-Класико». Каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесуді өткізіп алмаңыздар!

Ертең - желтоқсанның 3-інде футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында каталониялық «Барселона» өз алаңында  мадридтік  «Реал» клубымен кездеседі.

Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона»  27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр. 

Соңғы рет екі клуб 2 сәуір күні каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.

Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция басталуы 21:10-даСондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Екі футбол алыптарының айқасын өткізіп алмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу