Роналду дублі «Реалға» жеңіс сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роналду дублі «Реалға» жеңіс сыйлады

27.11.2016
Роналду дублі «Реалға» жеңіс сыйлады

Испанияның футбол біріншілігінде көш бастап келе жатқан «Реал»  маусым аутсайдерлерінің бірі «Спортинг Хихон» клубымен кездесіп, өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймды корольдік клуб ойыншылары белсенді бастады. Қауіпті шабуылдардың бірінде хихондық клубтың ойыншысы Серхио Алварес Лукас Васкесті шалып шығып, төреші 11-метрлік айып добын белгілейді. Кездесудің 5-ші минутында пенальтиді «Реалдың» португалдық жұлдызы Криштиану Роналду дәл орындап, командасын алға шығарды - 1:0.

Гол салған мадридтік команда ойыншылары шабуылдарын бәсеңдетпей, допты ұдайы бақылаумен болады. 18-ші минутта сол қапталда қорғаушы ролін атқарып жүрген Начо Фернандез алға ұмтылып, қарсылас қақпасы ауданына кросс жасайды. Әуе ұшып келе жатқан допқа бірінші болып  Криштиану Роналду жетіп, дубль авторы атанды - 2:0.

Ойынның 35-ші минутында Лука Модричтің қателігін ұтымды пайдалана білген хихондықтар есеп айырмасын қысқартты - 2:1.

Екінші тайм Зидан шәкірттерінің басымдылығымен өтсе де, олар гол сала алмады. Ал, «Спортинг Хихон» футболшылары сауатты қорғана білді. Қарымта шабуылдардың бірінде Начо Фернандез қарсылас қоманда ойыншысына қарсы ереже бұзып, Кейлор Навас қақпасына пенальти белгіленеді. Айып добын Дуйе Чоп сәтсіз орындап, командасының есепті теңестіруге деген үмітін үзді.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал Мадрид» - «Спортинг Хихон» кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

«Реал Мадрид» - «Спортинг Хихон» кездесуіне видеошолу

Хабарламаларға жазылу