Дания-Қазақстан кездесуін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дания-Қазақстан кездесуін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

09.11.2016
Дания-Қазақстан кездесуін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

11 қараша күні Ресейде өтетін 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойын Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтеді.

Бұл ойын - Қазақстан үшін осы турнир аясындағы төртінші матч. Бұған дейін футболдан Ұлттық құрама Польша, Черногория және Румыния командаларымен кездесу өткізіп, 2 матчта ұпай бөліссе, бір ойында жеңілген болатын. 

Матчты тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляцияның басталуы түнгі 01:35-те. Сондай-ақ,  kaztrk.kz  сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу