Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Польша ойыншыларымен тең түсті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Польша ойыншыларымен тең түсті (ВИДЕО)

05.09.2016
                         Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Польша ойыншыларымен тең түсті (ВИДЕО)

4 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін Польша құрамасымен (Е тобы) өткізді.

Бірінші таймда қарсылас құраманың ойыншысы Бартош Капустка мен капитан Роберт Левандовски (35`, пенальти) көзге түсті.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы ширақ қимылдап, поляктардың қақпасына екі гол соқты. Ойынның 51-минутында Сергей Хижниченко алғашқы голды соқса, 58-минутта дубль жасап, есепті теңестірді (2:2).

Ұлттық құрама келесі матчын сырт алаңда  Черногория құрамасымен өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Польша кездесуін «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу