«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан - Польша кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан - Польша кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

02.09.2016
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан - Польша кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы кездесуін 4 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында Польша құрамасына қарсы өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, біздің команда Е тобында Польша құрамасынан бөлек, Румыния, Черногория, Армения,  Дания командаларымен күш сынасады.

Алдағы жексенбі күні өтетін кездесуге дейін Қазақстан құрамасы 30 тамыз күні Бішкекте қырғыз футболшыларымен жолдастық кездесу өткізген болса, поляк футболшылары үстіміздегі жылдың 30 тамызы күні Францияның Марсель қаласындағы Португалия құрамасына қарсы өткізілген матчтан кейін алғаш рет ұлттық құрама қосынына жиналып отыр.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалдық кездесуінде Адам Навалканың командасы Кәрі құрлықтың болашақ чемпиондарына матч соңындағы пенальти сериясында жол берген еді.

Қазақстан – Польша құрамаларының арасындағы кездесуді отандық көрермендер Астана уақытымен кешкі 21:50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу