Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Франция – Исландия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Франция – Исландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

04.07.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Франция – Исландия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі соңғы ойын Франция – Исландия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Франция құрамасы плей-офф кезеңінде Ирландияны 2:1 есебімен ұтса, Исландия құрамасы да Англияны 2:1 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Франция мен Исландия құрамалары 13 рет кездескен. 9 матчта Франция құрамасы жеңіске жетсе, 4 кездесу тең аяқталған.

Айта кетейік, Франция – Исландия матчының қайталауын ертең, 4 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 16:10-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу