Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Швейцария–Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Швейцария–Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді

25.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Швейцария–Польша матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінің ойындары басталады. Алғашқы ойын Швейцария және Польша құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Топтық кезеңде Швейцария құрамасы «А» тобында сынға түскен. 3 ойында 5 ұпай жинап, өз тобында 2 орын алған болатын. Ал, Польша құрамасы «С» тобының 2-ші орын иегері. 3 ойында 7 ұпай жинаған.

Екі құрама бұған дейін 10 ойын өткізген. Оның 1 матчында Швейцария құрамасы жеңіске жетсе, Польша құрамасы 4 ойында ұтқан. Ал, 5 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Швейцария 15-ші орында, Польша құрамасы 27-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Швейцария–Польша ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 26 маусымда, сағат 08:05-те көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу