Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Исландия-Австрия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Исландия-Австрия матчын тікелей эфирде көрсетеді

22.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Исландия-Австрия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «F» тобындағы Исландия және Австрия құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 21:50-де назарларыңызға ұсынады.

Исландия құрамасы бірінші турда Португалиямен 1:1, 2-ші турда дәл осы есеппен Венгриямен тең ойнаған. Ал, Австрия футболшылары алғашқы турда Венгрия құрамасын 2:0 есебімен ұтса, екінші турда Португалиямен 0:0 есебімен тең ойнаған.

Екі құрама бұған дейін 3 ойын өткізген. Оның 1 матчында Австрия құрамасы жеңіске жеткен. Ал, 2 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Австрия 10-шы орында, Исландия құрамасы 34-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Австрия-Исландия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 23 маусымда, сағат 08:40-та көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу