Бүгін Ұлттық арна Швеция-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Швеция-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады

22.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Швеция-Бельгия ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «Е» тобындағы 3-ші турдың ойындары Швеция мен Бельгия құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Швеция құрамасы Ирландиямен 1:1 есебімен тең ойнаса, екінші турда Италиядан 0:1 есебімен ұтылған. Ал, Бельгия футболшылары 1-ші турда Италиядан 0:2 есебімен ұтылса, екінші турда Ирландия құрамасын 3:0 есебімен ұтқан.

Бұған дейін екі құрама 14 рет кездескен екен. 5 ойында Швеция құрамасы жеңіске жетсе, бельгиялықтардың 7 ойында мерейі үстем болған. 2 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қазіргі уақытта Швеция құрамасы ФИФА рейтингінде 35-ші орында болса, Бельгия 2-ші орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Швеция-Бельгия матчының қайталауын ертең, 23 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 17:50-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу