«Kazsport» телеарнасы бүгін Чехия-Түркия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы бүгін Чехия-Түркия матчын тікелей эфирде көрсетеді

21.06.2016
«Kazsport» телеарнасы бүгін Чехия-Түркия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «D» тобындағы Чехия және Түркия құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 00:50-де назарларыңызға ұсынады.

Чехия құрамасы бірінші турда Испаниядан 0:1 есебімен жеңілсе, 2-ші турда Хорватиямен 2:2 есебімен тең ойнаған. Ал, Түркия футболшылары алғашқы турда Хорватиядан 0:1, екінші турда Испаниядан 0:3 есебімен ұтылған.

Екі құрама бұған дейін 9 ойын өткізген. Оның 5 матчында Чехия құрамасы жеңіске жеткен болса, Түркия 3 ойында ұтқан. Ал, 1 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Чехия 30-шы орында, Түркия құрамасы 18-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Чехия-Түркия ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 22 маусымда, сағат 14:50-де көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу