Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Испания ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Испания ойынын тікелей эфирде ұсынады

21.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Хорватия-Испания ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «D» тобындағы 3-ші турдың ойындары Хорватия мен Испания құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Испания құрамасы Чехияны 1:0, екінші турда Түркияны 3:0 есебімен ұтқан. Ал, Хорватия футболшылары 1-ші турда Түркияны 1:0 есебімен ұтса, екінші турда Чехия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнаған.

Бұған дейін екі құрама 5 рет кездескен екен. 1 ойында Хорватия құрамасы жеңіске жетсе, испаниялықтардың 3 ойында мерейі үстем болған. 1 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қазіргі уақытта Хорватия құрамасы ФИФА рейтингінде 27-ші орында болса, Испания 6-шы орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Хорватия-Испания матчының қайталауын ертең, 22 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 18:05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу