Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді

20.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Ресей-Уэльс матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «В» тобындағы Ресей және Уэльс құрамаларының арасында 3-ші тур ойыны өтеді. Бұл ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 00:50-де назарларыңызға ұсынады.

Ресей құрамасы бірінші турда Англиямен 1:1 есебімен тең ойнап, 2-ші турда Словакиядан 1:2 есебімен ұтылған. Ал, Уэльс футболшылары  алғашқы турда Словакия құрамасын 2:1 есебімен ұтса, екінші турда Англиядан 1:2 есебімен ұтылған.

Екі құрама бұған дейін 4 ойын өткізген. Оның 3 матчында Ресей құрамасы жеңіске жеткен болса, 1 ойын тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Ресей 29-шы орында, Уэльс құрамасы 26-шы сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Ресей-Уэльс ойынының қайталауын «Kazsport» телеарнасы ертең, 21 маусымда, сағат 10:50-де көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу