Бүгін Ұлттық арна Испания-Түркия ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Испания-Түркия ойынын тікелей эфирде ұсынады

17.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Испания-Түркия ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «D» тобындағы 2-ші турдың екінші ойыны Испания мен Түркия құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Испания құрамасы Чехияны 1:0 есебімен жеңсе, Түркия футболшылары Хорватия құрамасынан 0:1 есебімен ұтылған.

Бұған дейін екі құрама 14 рет кездескен екен. 8 ойында Испания құрамасы жеңіске жетсе, түркиялықтардың 1 ойында мерейі үстем болған. 5 ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қазіргі уақытта Испания құрамасы ФИФА рейтингінде 6 орында болса, Түркия 18 орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Испания-Түркия матчының қайталауын ертең, 18 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 09:45-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу