![Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Бельгия-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_536.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Е» тобындағы екінші ойын Бельгия мен Италия құрамаларының арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Бұл ойынға дейін Бельгия мен Италия құрамалары 21 рет кездескен. Бельгия 4 рет жеңіп, 13 ойында жеңілген. Ал, Италия құрамасы 13 рет жеңіп, 4 ойында жеңілген. 4 кездесу тең нәитже тіркелген.
Бельгия құрамасы Еуропа чемпионатында биыл 5-ші рет қатысуда. Соңғы рет 2000 жылы қатысқан. Құрлық біріншілігінде ең үздік нәтижеге 1980 жылы қол жеткізген. Сол жылы финалда сүрінген болатын.
Ал, Италия құрамасы құрлықтық додаға биыл 9-шы рет қатысып жатыр. Олар 2012 жылы біріншіліктің күміс жүлдегері. Сол жылы финалда Испаниядан 4:0 есебісен жеңілген еді.
Айта кетейік, Бельгия-Италия матчының қайталауын ертең, 14 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 17:15-те көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Бельгия-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/79162/)