Еуро–2016. Германия құрамасы Украинаны жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро–2016. Германия құрамасы Украинаны жеңді

13.06.2016
Еуро–2016. Германия құрамасы Украинаны жеңді

Еуропа чемпионатының «С» тобындағы Германия мен Украина құрамалары арасындағы ойын аяқталды. 

Матчтың 19 минутында Германия құрамасының қорғаушысы Шкодрана Мустафи есеп ашып, құрамасын алға шығарды. Бірінші таймда басқа гол соғылмады.

Ал, екінші таймда ойын тең дәрежеде өтті. Бірақ, матчтың қосымша уақытында алаңға тыңнан қосылған Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер есепті еселеп, ойынға нүкте қойды. Қорытынды есеп – 2:0. Германия құрамасы жеңіске жетті.

Германия – Украина – 2:0 (1:0)

Гол: Мустафи, 19 (1:0). Швайнштайгер, 90+2 (2:0).

Германия: Нойер, Хеведес, Боатенг, Мустафи, Хектор, Мюллер, Кроос, Хедира, Езил, Дракслер (Шюррле, 78), Гетце (Швайнштайгер, 90).

Украина: Пятов, Федецкий, Хачериди, Ракицкий, Шевчук, Ярмоленко, Степаненко, Сидорчук, Коваленко (Зинченко, 73), Коноплянка, Зозуля (Селезнев, 66).

Хабарламаларға жазылу