Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия-Украина матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия-Украина матчын тікелей эфирде көрсетеді

12.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия-Украина матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «С» тобындағы екінші ойын Германия және Украина құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Бұған дейін Германия мен Украина құрамалары 5 рет кездескен. Германия 2 рет жеңіп, 3 рет тең ойнаған. Ал, Украина құрамасы 3 рет тең ойнап, 2 ойында жеңілген.

Германия құрамасы Еуропа чемпионатында биыл 12-ші рет қатысуда. Еске сала кетейік, германиялық футболшылар 1972, 1980 және 1996 жылдары Еуропа чемпионы атанған болатын.

Ал, Украина құрамасы құрлықтық додаға биыл 2-ші рет қатысып жатыр. Олар бұл турнирге ең алғаш рет 2012 жылы өз жеріндегі өткен біріншілікте қатысқан еді.

Айта кетейік, Германия-Украина матчының қайталауын ертең, 13 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 15:30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу