Бүгін - Астана күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Астана күні

06.07.2018

Бүгін еліміздің елордасының туған күні. 6 шілде елімізде мемлекеттік мереке. Ел астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім ҚР Жоғары Кеңесінде 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды.

Ресми түрде елорда Алматыдан Ақмола қаласына 1997 жылы 10-шы желтоқсанда көшірілді. Президент Жарлығымен 1998 жылдың 6-шы мамырында Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.

Осылайша, бүгін Тәуелсіз Қазақстанның астанасы 20 жылдығын  мерекелейді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу