Елорданың бұрынғы Мәслихат депутаттары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың бұрынғы Мәслихат депутаттары марапатталды

05.07.2018

Халық қалаулыларына «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі табысталды. Қалалық әкімдікте өткен іс-шараға 30-ға жуық депутат қатысты. Олардың ішінде осыдан 20 жыл бұрын мәслихат құрылған шақта жұмыс істеген азаматтар бар. Депутаттар бірін-бірі мерекемен құттықтап, қызықты естеліктерін айтты.

Тұрсынбек Өмірзақов, Астана қаласының бұрынғы Мәслихат депутаты (1998-2000):

- «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалін алдық. Өте қуанышты күн. Біздің астаналықтар Астананы дамытып жатыр.

Дулат НУРКИН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу