Ұлттық арна әзірлеген «Астана тынысы» деректі фильмі шетелдік арналардан көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна әзірлеген «Астана тынысы» деректі фильмі шетелдік арналардан көрсетіледі

03.07.2018

Мереке күндері Ұлттық арна ұжымы арнайы кестемен эфирге шығады. Астананың 20 жылдығына орай 10-нан астам деректі фильм, тікелей эфир, арнайы бағдарламалар мен концерттер дайындалды. Мәселен, «Астана тынысы» атты деректі фильм тек Ұлттық арнада ғана емес, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия елдерінің басты арналарында көрсетіледі. «Алтын діңгек», «Бір суреттің тарихы», «Елбасы. Елең-алаң», «Ел жүрегі - Астана», «Елорда инфрақұрылымы», «Жасай бер, әсем Астана!» тағы да басқа тың жобалар көрерменге жол тартады. 6 шілде күні Ұлттық арнаның шығармашылық тобы 5 сағат бойына тікелей эфирде жұмыс істейді. Жүргізушілер ел арасына шығып, көрерменмен көзбе-көз кездеседі. Осы күндері Астана мен Президент туралы жаңа ID роликтер ел назарына ұсынылады.

Ерлан Атамбай, «Qazaqstan» телеарнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры:

- Жаңалықтар шығарылымы көшпелі студиядан, яғни, қаланың ең көрікті деген жерлерінен шығады. «Ақпарат» бағдарламасы 13.00-де қосылғаннан кейін Қымбат Досжан, Жансерік Бейсеев, Мейіржан Әлібек, Данияр Меңілбеков, Ирина Тен сияқты Ұлттық арнаның беткеұстар жүргізушілері тікелей қосылады.

Павел Цыбулин, «Qazsport» телеарнасының директоры:

- Мереке күндері «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында футболдан Әлем чемпионатының көрсетілімі жалғасады. Ал, 7 шілдеде сағат 13:55-те кәсіби бокстан екі салмақта Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің Хизни Алтункаяға қарсы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетіледі. Жалпы, 11 жекпе-жек болады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу