Еуразия ұлттық университетінде Ұлттық арнаның аудиториясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия ұлттық университетінде Ұлттық арнаның аудиториясы ашылды

15.03.2018

Қазақ телевизиясының 60 жылдығы қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының аудиториясы ашылды. Бұл жерде болашақта арнада қызмет ететін кадрлар дайындалмақ. Басты арнаның эфиріндегі бағдарламалар талқыланып, жастарға жұмыстың жүргізілу жолы мен мақсаты түсіндіріледі. Корпорацияның белді, жетекші мамандары журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сағаттарын өткізеді. Дәрістің тақырыптары оқу бағдарламасы мен студенттердің сұранысына сәйкес анықталып отырады.  

Қайрат Сақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы:

-Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру деген осы. Дәл осы жерде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының өнімдері студенттерге таныстырылады. Сондай-ақ, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу