Қазақ телевизиясының ардагері, құрметті журналист Аршагүл Тойбаева Алматы студиясының қонағы болды.
Журналист қазақ телевизиясында қызмет еткен жылдарындағы естен кетпес жайттарымен бөлісті.
«Қасиетті қара шаңыраққа келген күнім әлі есімде. Қазақ телевизиясының негізін қалаған диктор Совет Мазғұтов алып келді. Жақсы ұстаз, қаламгердің шәкірті болуды бақыт деп санаймын. Жетектеп алып келіп, білімім мен тәжірибемді ұштастыруға кеңес берді. Үшінші курста түрлі хабарға қатысып, тәжірибе жинадым. Сол кісінің қамқорлығында болдым.
Оқу бітірген соң бірден ақпараттар бағдарламасына келдім. Білмегенімді осында келіп үйрендім. Арасында мақала жазып жүрдім. Одан кейін 10 жыл музыкалық бағдарламаларға сценарий жаздым. Өнер адамдарынан сұқбат алдым. Ол үшін журналист әрқашан да дайын болып жүру керек. Жалпы телевизия – бір ғана журналисттің емес, көптеген мамандардың өнерін тоғыстырған орта», - дейді ардагер.