Қытайда жылына 20 миллион автокөлік шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жылына 20 миллион автокөлік шығарылады

09.02.2015
Қытайда жылына 20 миллион автокөлік шығарылады

Автокөліктердің шығарылуы мен сатылымы бойынша осымен алтыншы рет АҚШ-тың алдын орады. 1,5 миллиардқа жуық халқы бар елде 300 миллионнан астам адамда жеке автокөлік бар.

2009 жылдың қараша айынан бастап Қытай әлемдегі ең ірі автонарық болып саналады. Тек сол жылы ғана бұл елде 13 миллион 760 мың автокөлік шығарылған. Оның 45 пайызы «BYD» секілді отандық маркалы автомобильдер.

2009 жылдан бастап Қытайда автокөлік құрастыру саласы жылына 7-10 пайыз өсіммен дамыды. Осылайша, 2014 жылы мұнда 20 миллионнан астам автокөлік шығарылып, түгелдей сатылған. Оның 19 миллионы жеңіл көліктер.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу