Қазақстан Қарулы күштерінің әлеуеті зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қарулы күштерінің әлеуеті зор

07.05.2014
Қазақстан Қарулы күштерінің әлеуеті зор
Отан қорғаушылар күніне орай Астанада ұйымдастырылған жауынгерлік шеру аса жоғары деңгейде өтті. Осыған қарап-ақ, Қазақстанның Қарулы күштері 22 жылдың ішінде толық қалыптасып, кәсіби армияға айналды деуге болады.
 
Ұлттық арнаға арнайы сұхбат берген Кеңес одағының бұрынғы қорғаныс министрі, соңғы және қазір көзі тірі жалғыз маршалы Дмитрий Язов  қазақ әскерилерін осылай бағалады.  
 
Елімізде түрлі қызмет атқарған даңқты әскери қолбасшының айтуынша, қазіргі қазақ сарбаздары кез келген міндетті мүлтіксіз орындауға қабілетті. Себебі, Тәуелсіздік алған уақыттан бері ел басшылығы қорғаныс саласына ерекше көңіл бөліп келеді.
 
Дмитрий Язов, КСРО маршалы:  
Қазақстанның армиясы қуатты әрі қабілетті. Сондықтан, ел қауіпсіздігін сақтауға толықтай қауқарлы. Жалпы, Кеңес одағынан шыққан басқа мемлекеттер қорғаныс саласында жоғары жетістікке жетті деп айта алмаймын. Алайда, Қазақстанның Қарулы күштері өзгелерден оқ бойы озық тұр. Қазақ елінің бұл салада жүйелі реформалар жүргізіп, қомақты қаражат бөлгенін білемін. Мен осы өзгерістерді үнемі қарап отырамын. Себебі, Қазақстан - менің екінші Отаным. Сондықтан, барлықтарыңызды мерекемен шын жүректен құттықтап, армияның айбыны арта берсін.          
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу