Олимпиада чемпиондары ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпиондары ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады

07.05.2014
Олимпиада чемпиондары ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматыдағы ардагерлер үйінің тұрғындарына қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
 
Мұнда 11 соғыс ардагері мен 122 тылда еңбек еткен қария тұрады. Бүгінгі кеште олар үшін эстрада әншілері ән салып, өзге де өнерпаздар сахнаның сәнін кіргізді.
Олимпиада чемпиондары да арнайы келіп құттықтады.
 
Мерекелік кеш соңында шара ұйымдастырушылары ардагерлерге сыйлықтар табыс етті.
 
Ислам Байрамуков, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері:
Барша қазақстандықтарды бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Әрқашанда еліміз тыныш болсын, соғыс болмасын, елдің ауызбіршілігі кетпесін.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу