Сыр жұртшылығы Отан қорғаушылар күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр жұртшылығы Отан қорғаушылар күнін атап өтті

07.05.2014
Сыр жұртшылығы Отан қорғаушылар күнін атап өтті
Гүлжан Қалтайқызы, тілші:
Тәуелсіздігіміз бен ел тыныштығын кірпік қақпай күзететін Отан қорғаушылар күнін Сыр жұртшылығы да сән-салтанатымен атап өтуде. Жалпы, бұл мереке аймақтың түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Негізгі шара орталық алаңда өтіп жатыр.
 
Қазақ елінің әскери әлеуетін паш еткен мерекелік шеруді орталық алаңдағы лэд-экраннан қаз-қатар сап түзеген сарбаздармен қатар, қала жұртшылығы қызыға тамашалады.
 
«Республиканың айбы нын асыратын әскери техникаларды көрген сәтте кеудемді мақтаныш сезімі кернеді», дейді осы шараға куә болған азаматтардың бірі.
 
Аманжол Иманов, қала тұрғыны:
Қарулы күштеріміздің мықты екенін көріп, қуанып тұрмыз. Қазақастан әскері қанша күшті, қуатты болса да, соғыс болмасын деген тілегім бар.
 
Мұнан соң орталық алаңда «Ерлік. Рух. Борыш» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
 
Аймақ өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу