Қазақстан Қарулы күштері әскери шеруге дайын (толығырақ)
Бүгін алаңға Қорғаныс пен Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлігінің, шекара қызметінің сарбаздары мен әскери техникасы жиналды.
Тек Жоғарғы бас қолбасшы жоқ. Бүгін парадтың соңғы дайындық шаралары. Оның көркін қыздырар әуе кемелері, тікұшақтар мен құстұмсықтар. Олардың дайындығын шыңдау үшін Астана әуежайының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізуге тура келді.
Әскери өмірдегі маңызды шараға ұзын саны 2000-ға жуық сарбаз қатысады. Олар да 10 күннен бері осында шеберліктерін шыңдауда. Биылғы парадтың ерекшелігі, оған тек әскери әйелдерден құралған рота қатыспақ. Жалпы, Қарулы күштер қатарында қазір 8000 мың қыз-келіншек бар.
Марал Илаева, аға лейтенант, рота командирі:
Бұл әскери шеруге мен 2010 ,2011 жылдары да қатысқанмын. Биылғы әскери шеруде мен әскери әйелдердің рота командирі болып тағайындалдым.
Шайхасан Саттарқұлұлы, «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының командирі:
Бригада командирі ретінде парадқа бірінші рет қатысып тұрмын. Дайындық өте жоғары деңгейде. Өзіміз осында келген «Хаммер» ротасы, БТР-80 ротасы бар және 80 адамнан құралған жаяу әскер бар.
Ал, бұл - осындай салтанатты жиындарда қолбасышларды таситын үсті ашық, арнайы көліктер. Олардың шеп құрып, сән-салтанатпен жүруі шарт. Тіпті жүріп келіп тоқтайтын жердің дәлдігі сантиметрмен өлшенеді.
Армия Айтжанов 3-ші сынып сержанты:
Бұл Американың «Линкольн» деген автокөлігі. Қазақстанда қазір мұның үшеуі бар.
250-ден астам әскери техника мен 60-қа жуық әуе кемесінің дайындығын бүгін Қорғаныс министрі тағы бір тексерді. Отан қорғаушылар күні өтетін әскери шеруде әскери әлеуетіміз толықтай көрсетілетін болады .
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04